Ұраны: «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!»
«Абылхайырхан» ЖШС медициналық орталығында 2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығы ұйымдастырылып, өткізілді.
Бұл айлықтың басты мақсаты – халық арасында туберкулез ауруының алдын алу, ерте анықтау, дер кезінде ем қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Айлық аясында медициналық орталықта келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
-Туберкулездің алдын алу және ерте диагностика бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
-Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
-Ашық есік күндерін ұйымдастыру;
-Қауіп топтарына тексерулер жүргізу;
-Дәрігерлердің профилактикалық кеңестері;
-Ақпараттық буклеттер мен жадынамалар тарату.
Туберкулез – жұқпалы аурулардың бірі болғанымен, оны дер кезінде анықтап, толық ем қабылдаған жағдайда толық жазылуға болады. Сондықтан әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп тұруы қажет.
«Абылхайрхан» медициналық орталығы тұрғындарды аталған айлық аясында өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысты. Бірге әрекет ете отырып, біз туберкулезді жеңе аламыз!
|