Қолдау:

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету тәртібі

ҚР ДСМ 2023 жылғы 30 наурыздағы №49 бұйрығынан үзінді

72-тармақ

👥 Көмек көрсететін мамандар

  • Жалпы практикалық дәрігер, терапевт, педиатр;
  • Орта медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, мейірбике);
  • Психолог және әлеуметтік қызметкер;
  • Көмек амбулаториялық жағдайда немесе үй жағдайында көрсетіледі.
107-тармақ

📅 Дәрігерге жазылу жолдары

Қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асады:

  • Damumed мобильді қосымшасы арқылы;
  • eGov.kz порталы («Жеке кабинет» арқылы);
  • Емхананың Регистратурасы немесе Колл-орталығы арқылы (телефонмен немесе тікелей келу).
108-тармақ

🔍 Смотров кабинеті

Емханаға алғаш рет келген пациенттер ерлер/әйелдер смотров кабинетінен өтеді. Бұл ауруларды ерте сатыда анықтау және алдын алу үшін қажет.

139-тармақ

🏠 Дәрігерді үйге шақырту көрсеткіштері

Келесі жағдайларда пациент дәрігерді үйге шақырта алады:

Жедел жағдайлар:

  • Дене қызуының 38°C-тан жоғары болуы;
  • Қан қысымының күрт көтерілуі;
  • Қатты бас айналу, жүрек айну, құсу;
  • Омыртқа немесе буындардың қатты ауруы (қозғалыс шектелгенде);
  • Көп реттік сұйық нәжіс.

Басқа да жағдайлар:

  • Созылмалы аурулардың асқынуы (I-II топтағы мүгедектер, онкологиялық аурулар);
  • Қоршаған ортаға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар;
  • Пациенттің тасымалдауға келмейтін жағдайы;
  • Жедел жәрдем станциясынан берілген шақыртулар.
📌 Маңызды ақпарат: Медициналық көмек пациенттің немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімі алынғаннан кейін ғана көрсетіледі (106-тармақ).
Используются технологии uCoz