«Абылхайырхан» ЖШС
ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ
Кәсіби жауапкершілік және медициналық этика стандарты
Сапа, қолжетімділік және қауіпсіз, дәлелді медицинаны қамтамасыз ету негізінде пациентке бағытталған амбулаториялық-емханалық көмек көрсету.
Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды жүзеге асыруға негізделген медициналық қызмет көрсетудің тиімді жүйесі бар бәсекеге қабілетті мекеме.
1. Жалпы ережелер
Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және жалпы адамгершілік қағидаттарына негізделген. Ол қызметкерлердің кәсіби қызметі кезіндегі этикалық нормаларын реттейді.
2. Этикалық құндылықтар мен қағидаттар
Адам өмірі
Ең басты құндылық
Мейірімділік
Жанашырлық таныту
Әділдік
Адал қызмет ету
3. Пациенттермен қарым-қатынас
- Пациенттің құқықтарын, ар-намысын және қадір-қасиетін құрметтеу;
- Шешімдерді тек пациенттің мүддесі үшін қабылдау;
- Медициналық құпияны қатаң сақтау;
- Көмекке мұқтаж әрбір адамға сапалы медициналық көмек көрсету.
4. Рұқсат етілмейтін әрекеттер
Медициналық қызметкерге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- Дәрі өндірушілерден немесе фармацевтикалық компаниялардан сыйақы алуға;
- Пациенттерден артықшылық алу мақсатында сыйлықтар қабылдауға;
- Жалған ақпарат таратуға немесе сыбайлас жемқорлыққа жол беруге.
5. Жауапкершілік
Кодекс нормаларын сақтау — барлық қызметкерлер үшін міндетті. Бұзушылықтар Этикалық комиссияда қаралып, тәртіптік шаралар (ескертуден бастап еңбек шартын бұзуға дейін) қолданылуы мүмкін.