Скрининг: Өз денсаулығыңызды бақылауда ұстаңыз
«Жоламан медицина орталығы» ЖШС барлық тіркелген азаматтарды тегін профилактикалық медициналық тексеруден (скринингтен) өтуге шақырады!
Тексеруден кімдер өтеді?
(Скринингтік зерттеулерге жататын мақсатты топтар)
30 – 70 жас
Әйелдер
Жатыр мойны обырын ерте анықтау
40 – 70 жас
Әйелдер
Сүт безі обырын ерте анықтау
40 – 70 жас
Ерлер мен әйелдер
Қан қысымы, жүрек аурулары, қант диабеті және глаукома
50 – 70 жас
Ерлер мен әйелдер
Тоқ ішек ауруларын ерте анықтау
📍 Скрининг қайда өтеді?
Тексеруден өту үшін «Абылхайырхан» ЖШС емханасына хабарласуыңыз қажет. Тексерулер толығымен ТЕГІН жүргізіледі.
- Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті
- Ерлер және әйелдер смотров кабинеттері
- Диспансерлеу және профосмотр кабинеті
🏫 Бізде жұмыс істейді:
Аурулардың алдын алу және емдеу тиімділігін арттыру мақсатында арнайы мектептер ұйымдастырылған:
- Қант диабеті мектебі
- Артериялық гипертензия мектебі
- Медициналық оңалту бөлімшесі
Есіңізде болсын!
Ауруды ерте сатыда анықтау — сәтті емделудің кепілі.
Егер Сізді скринингке шақырса — міндетті түрде өтіңіз!